Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Шөптің арасында күшікпен ойнаған”: Атырауда тірідей өртенген үш бала туралы куәгерлер айтып берді

Атырау облысында қорада тірідей өртеніп кеткен үш ұлды барлық ауылдастары іздеген. Кейін қорадан олардың басын тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазір Махамбет ауданы Ортақшыл ауданы қайғырып жатыр. Қайғылы оқиғаға байланысты аудандағы барлық іс-шаралар тоқтатылды. 

Ауыл тұрғындарының айтуынша, тірідей өртеніп кеткен үш бала биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған. Мектептен шыққаннан кейін, көшеде күшік тауып алып, сонымен бірге қораға кіріп кеткен.

“Қайғы жанымызға батып отыр. Ата-анасын жұбатуға қандай сөз айтарымды да білмеймін. Қорада 22 мая шөп өртеніп кеткен. Балалар шөптің арасына кіріп, күшікпен ойнаған деп жатыр. Шөп өртенген кезде қораның қасындағы үйде  ешкім болмаған. Үй иелері жеке шаруаларымен кетіп қалған. Кейін оған қорасы өртеніп кеткенін телефонмен хабарлаған”, – дейді ауыл тұрғыны Төленбай Аманбаев.

Мектептен оралмаған балаларды ауылдастары іздеген. Тіпті Атырау қаласындағы оқырмандары көп блогерлерге хабарласып, қаладан да іздеген. Өйткені таксиге мініп кетті деген болжамдар айтылған.



“Балалардың бірі сіріңке жағып қалуы да мүмкін. Олар қораға секіріп кірген. 50 көлікпен бүкіл ауыл балаларды іздеді. Тіпті көріпкелдерге де хабарластық. Алайда таңғы 4:30 шамасында қорадан баланың басы табылды. Кейін қалған дене мүшелері де шықты”, – дейді Аманбаев.

Ауылға келген құқық қорғау органдары қораны қоршап, балалардың мәйіттерінің қалдығын сараптамаға жіберген. Кімнің баласы екенін анықтау үшін ата-аналарынан қан алған.

Айта кетсек, бұған дейін Атырау облысында қорада болған өрттен кейін үш баланың мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз. Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 06 Қазан, 2021 18:04
Талқылау