Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аң-құсты қорғап жатқанда, ұлт зиялыларының мазақ болуына қалай шыдаймыз?": Қазақстандықтар жұрттың ашуына тиген видео авторын жазалауды сұрайды

Қазақстандықтар Алаш зиялыларының өкілдерін қорлап, әлеуметтік желіде видео жариялаған азаматты тауып, жазалауды талап етуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

видео

Ерден Нұрахмет есімді желі қолданушысы өзінің наразылығын айтып, Facebook-те жазба қалдырған. 

"Қазіргі күні Instagram-да біздің ұлт зиялыларын қорлап, әзілге айналдыратын видеолар толып кетті. Абай мен Ыбырай, Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановты мазақ қылу арқылы қазақ халқының намысын аяққа таптайтын бейнежазбалар пайда болды. Оны көп адамдар көріп те, жастар болса "лайк" басып, күлкіге айналдыруда. Бұл барып тұрған ұлттық намысты, қазақ халқын қорлау ғой! Бұған қалайша үндемей қаламыз?" - дейді желі қолданушысы. 

Сөзінше, бұл видеоны жасап, жариялаған адамды жауапқа тарту қажет. Бұған қоса ол ұлт зиялыларын мазақ еткенді бас бостандығынан айыру керек екенін алға тартты.

"Біз осы адамдардың ізбасарларымыз. Бұл жалғыз мені ғана толғандыратын мәселе емес деп ойлаймын. Үкімет тарапынан екінші мұндай жағдай қайталанбайтындай шаралар қабылдауны қажет. Шөп те, аң да, құс та қорғалып жатыр. Ал ұлы тұлғаларымыздың атын кім қорғайды?", - дейді Ерден Нұрахмет.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтардың әлеуметтік желіде тараған жаңа трендке наразы болып жатқаны жайлы айтылған еді. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 09 Қыркүйек, 2020 11:19
Талқылау