Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шонжыда миллиардтарға салынған ғимарат қирап қалды: Мердігер құрылыстың құлау себебін айтты

Алматы облысындағы Шонжы елді мекенінде 1 миллиард теңгеге салынып жатқан спорт кешені құлап қалды. Қуанарлығы зардап шеккендер жоқ. Осы жылдың соңында салынып бітуі керек ғимараттың құлауы шенеуніктерді алаңдатып отырған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Шонжы қаласындағы құрылысы аяқталмаған спорт кешенінің ғимараты бір күн бұрын құлап қалған. Оқиға орнында құрылысшылар болғанымен, олар зарап шеккен жоқ. 

Жергілікті шенеуніктер оқиғаға мән бермеуге тырысты. Бастапқыда Ұйғыр ауданының әкімі журналистерге бір ғана темір құлады деп айтқан. Алайда, фотосуреттерге қарағанда төтенше жағдай ауқымы әлдеқайда үлкен. Тұтас блоктың төбесі құлап кеткен. Темір жүктемеге төтеп бере алмаған. Құрылыс басқармасы бұл алаңдайтын мәселе емес екенін айтады. Құлаудың алдын ала себебі - адам факторы. 

"Шығындар жоқ, зардап шеккендер жоқ. Тек құрылыс барысында, қызметкерлердің салғырттығынан төбесі жартылай құлаған, қазір ол қалпына келтіріліп жатыр. Қазір осының бәріне байланысты комиссия құрылды, олар оны реттеп жатыр", - дейді Алматы облысы құрлыс департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Үсманбаев. 

Бірақ құрылыс компаниясының директоры ғимарат қатты желдің салдарынан құлаған деп санайды.

"Құрылысшыларға қатысты шешім шығарылған жоқ. Оқиға орнында сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Кеше аумақта боран болды, жел күшейді. Мен маман емеспін, алайда жобаға қажеттінің барлығы дайын болатын", - дейді "Лидер - НК" ЖШС директоры Марат Қуанышбаев.

Оқиға болған жерде комиссия жұмыс істеп жатыр. Сарапшылар құлаудың нақты себептерін кейінірек атайды. Спорт кешенінің құрылысы жалғасуда. Оның қашан тапсырылатыны белгісіз. Қалпына келтіру шығындары мердігердің мойнына түсуі мүмкін.

Талқылау