Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шольц пен Макрон алдағы уақытта да Украинаға әскери көмек көрсетуге уәде берді

Германия канцлері Олаф Шольц пен Франция президенті Эмманюэль Макрон үш жылдан астам уақыт бойы Ресейдің шабуылына төтеп беріп келе жатқан Украинға алдағы уақытта да әскери қолдау көрсететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Reuters/Annegret Hilse

“Екеуіміздің ойымыз бір жерден шықты. Украина бізге, Еуропаға сенсе болады. Біз оны жерге қаратпаймыз”, – деді Шольц 18 наурыз күні Берлинде Макронмен келіссөздің соңында.

Германия канцлері АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің әңгімесіне қатысты пікір білдірді. Еске салайық, телефон арқылы болған әңгіме барысында Путин Украинадағы атысты толық тоқтатудан бас тартқан еді. ольцтің пікірінше, Трамп пен Путиннің Украинадағы ішінара атысты тоқтату туралы келісімге маңызды алғашқы қадам. Алайда ол атысты толық тоқтату керек деп санайды. 



Макрон да бітімге келу қажет екенін айтты. Сондай-ақ Франция президенті Украина мен Киевтің бейбіт келіссөздерге қатысуы үшін қауіпсіздік кепілі қажет дейді. Олаф Шольц оның көзқарасын қолдап, Украинаның сыртынан ешқандай шешім шығармауға шақырды.

Бұған дейін Трамп пен Путин екі сағаттан астам уақыт телефонмен не туралы сөйлескені жайлы жазған едік. 

Талқылау