Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шоколадты құлпынай сатқан" Шымкент тұрғыны үш жылға сотталды

Шоколадты құлпынай сатқан Шымкент тұрғыны үш жылға сотталды

Фото: pixabay.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында шоколадты құлпынай сатамын деп алдаған тұрғындарға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бірнеше тұрғын 2025 жылдың 8 наурызда "ТикТок" әлеуметтік желісінде "Шоколадты құлпынай" сатылатыны туралы жалған жарнама жасаған. Нәтижесінде, 13 жәбірленушіні алдап, олардың ақшасын алаяқтық жолымен иемденіп, оны өзара бөлісіп, өз пайдасына жаратқан.

Прокурор сотталушыларға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілер кешірім берген.Сотталушылар кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Нәтижесінде, сот ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танып, әрқайсысына 3 жыл 6 айға  бас бостандығын шектеу жазасын  тағайындады.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Еске салсақ, осыған дейін Орал тұрғыны гүл мен шоколадты құлпынай үшін 500 мың айыппұл төлеген еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 20 Маусым, 2025 22:20
Талқылау