Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шоколадтың пайдасы белгілі болды

Тамақтану жөніндегі маман Варвара Зародина шоколадтың пайдасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

горький шоколад

Оның айтуынша, бұл антиоксиданттарға ең бай өнім. Сарапшы шоколад иммунитетке оң әсер ететінін атап өтті.

"Мысалы, флавоноидтар. Бұл күшті антиоксиданттар қанның ұю қабілеттілігіне пайдалы әсер етеді және бізді еркін радикалдардан қорғайды", - деп түсіндірді Зародина.

Бұл ретте  маман шоколадтың құрамында өнімнің пайдалы әсерін төмендететін қант мөлшері жоғары екенін ескертті. Ол қазіргі уақытта флавоноидтардың жоғалуын азайтуға мүмкіндік беретін әзірлемелер бар екенін де тілге тиек етті.

Зародина ащы шоколадты қолдануға кеңес берді, өйткені құрамында какао бұршақтарының көп мөлшері бар. Сонымен қатар, ақ шоколад, маманның пікірінше, барлық пайдалы қасиеттерден айырылған.

Айта кетейік, 2018 жылдың сәуірінде америкалық ғалымдар күн сайын аз мөлшерде қара шоколадты жеу көру қабілетін жақсартатынын анықтады. Негізгі рөлді флавонолдар атқарады - бірнеше хош иісті сақиналардан тұратын органикалық қосылыстар.  Зерттеушілер мұны флавонолдардың көздің торына немесе ми жарты шарларының көрнекі қабығына қан ағынын көбейтетіндігімен байланыстырды.


Судың пайдасы: күніне қанша су ішу керек

STAN.KZ
Бейсенбі, 09 Шілде, 2020 12:25
Талқылау