Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шоколад қосылған печенье: Денесінде үлкен қалмен туған қыз елдің мазағына қалай төтеп бергенін айтты (фото)

24 жастағы Лорена Боланьостың денесіндегі үлкен қал дүниеге келген кезінен бастап бар. Ұзақ уақыт бойы бойжеткен денесіндегі айрықша белгі үшін жұрттан қысылып, өзін жайсыз сезініп келген. Алайда бүгінде Лорена өзін-өзі жақсы көруді үйренген.

Шоколад қосылған печенье: Денесінде үлкен қалмен туған қыз елдің мазағына қалай төтеп бергенін айтты

Лорена BuzzFeed басылымына берген сұхбатында бұл қиыншылықты қалай жеңгенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Айтуынша, айналадағы адамдар бала күнінен оны денесіндегі меңі үшін мазақ қылып келген. Тіпті, күндердің күнінде сырғанақ тебу алаңындағы әйелдердің бірі Лоренаны қуып шығуды талап етіпті. Лорена бұл жағдайға аса таңғалмағанын айтады. Себебі көптеген адамдар оның денесіндегі меңді жұқпалы ауру белгісіне ұқсатқан. Ал сыныптастары оны «шоколад қосылған печенье» деп мазақ еткен.

«Мен басқа балаларға ұқсамадым. Бірақ ең бастысы – мен өзімді-өзім ұсқынсыз санап келдім», – дейді Лорена.

Шоколад қосылған печенье: Денесінде үлкен қалмен туған қыз елдің мазағына қалай төтеп бергенін айтты

Колледжде оқып жүрген кезінде Лорена ауыр күйзелісті бастан кешіріп, әрі қарай бұлай өмір сүре алмайтынын түсінген.

«Өз-өзіңнен өмір бақи ұялып жүруге болмайтынын түсіндім. Өзгеруге бел будым», – дейді ол.

Бойжеткен айналадағы адамдардың аузына қақпақ бола алмайтынын аңғарған соң, өзінің бұл жағдайға деген көзқарасын өзгертуге тырысқан.

Шоколад қосылған печенье: Денесінде үлкен қалмен туған қыз елдің мазағына қалай төтеп бергенін айтты

Бүгінде Лорена Instagram-дағы парақшасына өзінің ашық күйде түскен суреттерін жариялаудан қорықпайды. Жуырда ол әйел сұлулығының әрқилылығын көрсететін Underneath We Are Women жобасына қатысқан. Ол іш киіммен түсірілімге қатысып, өзінің «меңін» ұялмай көрсеткен. Ол осылайша өзін өзгелерден кем санайтын «ерекше» адамдарға қолдау көрсеткісі келеді.

«Өзіңді бар күйіңде қабылдау – бақытқа апаратын алғашқы қадам екенін дәлелдегім келеді», – дейді Лорена.

Тағы оқыңыз: 

Әлемдегі ең бай адам ақша жұмсауды білмейтінін мойындады

Екі жасар бала анасы мен қарындасын құтқарып, өзі ажал құшты

Жұмыссыз әйел байқаусызда 7 мың доллар ақшаны шайпұлға тастап кетті

Қытайда балабақша тәрбиешілері 5 жасар қызға табақ жалатып, мазақ қылған (видео)

Талқылау