Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шоқан Маратұлы “есеппен үйленген” деп сынағандарға жауап берді

Әнші әрі кәсіпкер Шоқан Маратұлы жары Әнел Баталованы бір көргеннен ұнатқан. Айтуынша, ақылына көркі сай ару оны қылығымен баурап алған. Болашақ жарымды Әнелден көрдім деген Шоқан бүгінде бақытты. Себебі келіншегім күйеуіне бойұсынуды біледі, дейді әнші.

Шоқан мен Әнел “Гәкку” арнасының Love Story бағдарламасына қатысып, қалай танысқандарын әңгімелеп берді, деп жазады Stan.kz.

“Жұмыс бабымен таныстық, екеумізге кездесу ұйымдастырып берді. Ол шақта менің түнгі клубым болатын. Көңілді кештер ұйымдастыру үшін серіктес іздеп жүрген кезім. Маған ол бірден ұнады. Өзін-өзі ұстауы, таныстыруы… Ақылды, тәрбиелі екені бірден көрініп тұрды. Сұлу екені онсыз да түсінікті. Болашақ әйелімнің образы ойымда жүретін. Сол қасиеттерді Әнелдің бойынан байқай бастадым”, – дейді Шоқан.

“Мен дәл сол кезде шетелден келген едім. Оның әнші екенін, «Ал давайда» ән салатынын білмедім. Яғни, ең алдымен адам ретінде таныдым. Өте тартымды жігіт. Себебі жұмыс бабымен сөйлеп жатқанымда менің сөзімді біреу бөліп жіберді. Ол жалғыз өзі: «Тұра тұрсаңдаршы. Сөзін аяқтасын», – деді. Осы нәрсе мені таңғалдырды. Себебі барлық адам бірдей тыңдай алмайды. Оны көргенде әңгімелескім келіп тұратын. Одан ұялған жоқпын, құдды жүз жылдан бері танитындай сезімде болдым”, – деп ағынан жарылды Әнел.

Екеуі шаңырақ көтергеннен кейін ел арасында Шоқан “танымал кәсіпкердің қызына есеппен үйленген” деген әңгіме желдей есті. Алайда ғашықтар мұндай әңгіме тарататын адамдарды түсінбейміз деп отыр.

«Әкем мені тұрмысқа берді, болды. Мен тұтастай күйеуімнің қамқорлығындамын. Иә, біз барлығымыз үлкен бір отбасы, туыс болдық. Бірақ менің отбасыма қатысымыз жоқ, өз өмірімізді сүріп жатырмыз», – деп түсіндірді Әнел.

“Ондай әңгіменің қайдан шығатынын түсінбеймін. Жалпы мен өзімді толық қамтамасыз ете алатын азаматпын. Екеуміздің әңгімеміз де бір деңгейде. Екі әлемнің адамы қосылса түсінер едім. Бірақ біз бір-бірімізді өте жақсы түсінеміз. Бізде бәрі тамаша”, – дейді Шоқан Маратұлы.

Жіберіп алмаңыз:

Өзі жайлы ақпараттан шаршаған Төреғали журналистерге арнап бейнебаян түсірді (видео)

Димаш Қытайдағы көктем гала-концертінде өнер көрсетпек

22 жылдан бері сахнада жүрген Мәдина Сәдуақасова алғаш рет ән сапарға аттанбақ

Баян Алагөзова вайн түсіріп, жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Талқылау