Шоқан Маратұлы әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды
Жуырда ғана алғаш рет әке атанған Шоқан Маратұлы әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды, деп хабарлайды Stan.kz.
Қуанышты хабармен желіде Шоқанның өзі бөлісті. Әнші ұлын Әлімхан деп атаған екен.
“Әлімхан Шоқанұлы – біздің әлемге қош келдің! Міне, біз де ата-ана атандық, күтумен өткен 9 ай артта қалды. Бұл ешқандай сөзбен айтып жеткізуге болмайтын өміріміздегі ең бақытты күн. Отбасымызға тағы бір сарышаян қосылды”, – деп қуанышымен бөлісті Шоқан желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Шоқанның жары Әнел Баталова елімізге белгілі кәсіпкер Райымбек Баталовтың қызы. Ғашықтар 2017 жылдың көктемінде шаңырақ көтерген болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Интернатта өскен Мақпал Жүнісова онда көрген қорлығын ұмыта алмай жүр
Қайрат Нұртас өзін “тексіз” деп айыптаған жігітті орнына қойды
Жеңіс Ысқақова: Күйеуіме сырттан бала тапқызуға рұқсат бермеймін
Алтынай Жорабаева тікелей эфирге алдап шақырған Ләйлә Сұлтанқызына ұрсып тастады