Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шок болып отырмын": Алтынай Жорабаева қызына қатысты тағы бір жаңалықты жариялады

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева қызының тағы бір жаңалығын сүйіншіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Өнер иесінің тұңғышы Аяулым тағы бір Қытай елінің университетінен шақырту алды. 

“Шок болып отырмын. Өткенде BFSU-ға шақырту алып еді ғой. Енді осы Minzu university of China-дан шақырту келді. Аяулым осы екі университеттің бірін таңдауы керек. Қазір осы Minzu университетін қарап жүрміз. Содан кейін BFSU-ге барамыз дейді. Салыстырып қараған соң шешім қабылдамақ. 
Қазақстандағы Қытай елшілігіне мың алғыс. Бас елші” Екі елдің достығы үшін болашақ ұрпақ жақсы білім алуға тиіс” деп бар көмегін аямады. Недеген бақыт! Недеген қуаныш!”, – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, өнер иесі қызының тілді меңгерудегі асқан қабілетін айтып берген еді. 

“Аяулым былтыр Қазақ Ұлттық университетін қызыл дипломмен бітіріп, бір жыл жұмыс істеп, арасында жапон, кәріс, қытай тілдерін меңгеріп жүрді. Тілге деген қызығушылығы керемет”, – деп жазған еді мәдениет қайраткері. 

Оған дейін Алтынай Жорабаеваға жолдасы жаңа пәтер сыйлағанын жазған едік. 

Талқылау