“Шмән апаны” сомдайтын танымал пародист әке атанды
Тұрсынбек Қабатов басқаратын “Әзіл әлемі” театрының актері, танымал пародист Ерболат Төлегенов әке атанды.
Сүйінші хабарды актердің өзі жария етті, деп хабарлайды Stan.kz.
“Альхамдулилла. Сүйінші! Құрметті достар, ұлды болдым. Аллаxу әкбар. Қазақтың саны көбейе берсін. Жасасын қазақ”, – дейді Төлегенов.
Бұдан өзге актер ұлының 3,200 келі салмақпен туылғанын атап өтті. Нәрестенің бойы 51 сантиметр екен.
Айта кетейік, Шімән апаның рөлін сомдайтын пародистің Дәулет есімді ұлы бар. Былтырғы жылы Төлегенов ұлын сүндетке отырғызып, дүркіретіп той жасаған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Ағайынды бестік: Қарақат Әбілдина туған әпкелерін көрсетті
Сиви 18 жасқа толмаған бауырына қымбат көлік сыйлағандарын айтып мақтанды
Мейрамбек Беспаев: Музыкалық арнаны басқарсам, бірінші “жалаңаштарды” құртамын
Өзбек әнін аударып алған Жігер Ауыпбаев елдің сынына жауап берді (видео)