AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғындары дауылдан қираған үйлеріне өтемақы ала алмай жүр

ШҚО-дағы Қалбатау ауылында қатты желден жиырмаға жуық үй қираған. Бірақ жауапты тұлғалар дауыл болғандығын растамай отыр. Тұрғындар енді оқыс оқиғаны да, онан келген зардапты да дәлелдей алмай қиналуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

“Алдымен қандай да бір дыбыс естілді, адамдар шығып, ағаштың құлағанын көрді, барлық сымдар жарқырай бастады. Ол көше бойымен өтіп, барлық тіректерді үйіп тастады, ұзындығы 3-4 метр ағаштарды құлатты. Шатыр, терезе, қоршау, бәрі қирады”, – дейді Қалбатау ауылының тқрғыны Юрий Юсупов. 

Оқиға шілде айының ортасында болған. Жел шатырларды қиратып, шаруашылық құрылыстары мен электр сымдарын үзген. Адамдар табиғи апаттан соң өтемақы алғысы келеді. Бірақ олар болған оқиғаны дәлелдей алмай отыр. Себебі жақын жердегі метеостанция дауылды тіркемеген.

“Заңға сәйкес, егер дауыл болғаны расталмаса, біз сәйкесінше заң шеңберінде ақша бөле алмаймыз. Ауа райы туралы мәліметсіз біз ештеңе жасай алмаймыз. Сұраныс келді, бірақ дауыл расталмады, олар жел 19 м/с екендігі туралы анықтама берді. Біз тұрғындардың әрқайсысына көмектестік, кейбіреулеріне командалармен, кейбіреулеріне материалдармен. Тағы да, біз төтенше жағдай ережелерін қарастыруымыз керек”, – дейді Қалбатау ауылдық округінің әкімі Берік Самежанов. 

Ауыл әкімі де дауыл туралы барлық фотосуреттер мен бейне дәлелдерді жинаған. Материалдар аудан әкімшілігіне жіберілгенін де айтады. Әзірге екі отбасына ғана 80 мың теңге төлеу туралы шешім қабылданған. Қалғандарына ақша жоқ. Бірақ енді әкімдік кәсіпкерлерден көмек сұраймыз деп отыр.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр