ШҚО тұрғыны ЭКСПО үшін алып асық дайындап шықты
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны биіктігі 3, ұзындығы 4 метр болатын алып асық жасап шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Ерекше дүниені жасап шығу үшін Болат Тағабай жарты жыл уақыт пен 50 мың асық жұмсаған. Ол 16 жылда жалпы саны 100 мыңға жуық асық жинаған екен. Оның бұл қызығушылығының жүзеге асуы үшін оған туыстары, көршілері, достары тіпті бейтаныс адамдар да көмек берген.
Асықты дайындап шығуға алты ай уақыт кетіріпті.
“Мен әуелі 50 мың асықты жуып, сосын 2 ай бойы кептіріп, содан кейін ғана біріктіре бастадым. Бұл процестің өзі тағы екі ай уақытты алды”, – дейді Болат Тағабай.
Өнертапқыш өзі жасаған өнім ЭКСПО көрмесінен орын алады деп үміттенеді.
“Асық жабық жерде сақталғаны дұрыс. Оның фонында адамдар естелік суретке түсіп, ал соған жақын маңайға балалар ойнайтын асық алаңқайын жасап қоюға болады. Қазақтың дәстүрі мен салтына қызығатын шетелдіктерге менің жұмысым ұнауы керек”, – дейді автор.
Оқи отырыңыз:
Атырауда бір табын жылқыны айып тұрағына қамап тастады
Сапарбаев мешітке бас сұқпайтын ақсақалдарды сынға алды
Амантай қажы ЭКСПО-да “Аттан, қазақ” деп таяғымен айқайлап шетелдіктерді шошытты