Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да шенеунік пара алғаны үшін сотталды

Шымкент соты мемлекеттік аудит департаменттерінің бірнеше қызметкері мен компания құрылтайшысына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пара

"21 қыркүйекте Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Е.З.Марайымовқа, камералық бақылау бөлімінің бастығы Ағабек А.М.-ға, Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасарыТұрсынбеков Е.С. және "KAZPROFSTROY HOLDING" ЖШС құрылтайшысы Қожахметов К.К.-ке қатысты үкім шығарды”,- делінген хабарламада.

Оларға "KAZPROFSTROY HOLDING" ЖШС-нің мемлекеттік сатып алуларда жеңіске жетуіне көмектескені үшін пара алды, пара берді және пара беруге делдалдық жасады деген айып тағылды.

"Сот үкімімен Мараимов 8 жылға, Ағабек 7 жыл 6 айға, Қожахметов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Дәл осы үкіммен пара алуда делдалдық жасау фактісі бойынша Тұрсынбеков 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп қосты сыбайлас жемкорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау