Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да жаңа туған 14 нәрестеден коронавирус анықталды

Пандремия басталғаннан бері Шығыс Қазақстан облысында 14 жаңа туған нәрестенің ПТР-тестінің нәтижесі оң болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сәби

Бұл туралы бүгін ШҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаш мәлімдеді.

«Коронавирустық инфекция біздің облыста 180 жүкті әйелден анықталды, 14 жаңа туған нәрестеде өмірге келген алғашқы күнде жүргізілген ПТР сынамасының нәтижесі оң болып шықты. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді», - деді Асқар Хорошаш.

Ол сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында пандемия басталғаннан бері коронавирус кәмелетке толмаған 166 жасөспірімнен анықталғанын, кейін олардың 165-і үйде емделгенін, бір бала ауруханада жатқанын айтып өтті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 21 нәресте коронавирусты жұқтырғаны хабарланған еді. Вирус нәрестелер туған кезде анықталды. Бұған дейін мамандар жүкті әйелдердің коронавирусы баланың дамуына әсер етпейді және оған берілмейді деп мәлімдеген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр