Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да жүктілігін отбасынан жасырған әйел баласын даладан тауып алдым деп әкелген

ШҚО-да келіншек отбасынан жасырын бала босанды. Ол жақындарына баланы көшеден тауып алдым деп жалған айтқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жақын күндері Өскемендегі “Ана мен бала” үйіне 7 айлық сәби келіп түсті. Баланың жағдайы өте ауыр күйде болды. Қызметкерлер баланы аппаратқа таңып, жасанды дем берді. Полицейлер әйелден баланы қайдан тауып алғанын сұрады. Тергеу кезінде әйелдің баланы өзі босанғаны белгілі болды.

Әйел жақындарынан жүктілігін жасырғанын мойындады. Баласын үйінде босанып, далаға алып шыққанын, кейін көшеден тауып алдым деп әкелгенін айтты. Дәрігерлер анасының баласы үшін бірнеше рет келгенін, сүт әкеп бергенін айтады. Алайда баланы өз қамқорлығына алатын-алмайтыны әлі белгісіз.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда ауруханаға түскен сәби бір айдан кейін сал болып қалды

Елімізде бастығы жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтін қыз-келіншектер мұңын айтты

Астанада қансыраған күйі ауруханаға түскен сәбидің ағасы оның төсектен құлап қалғанын айтты

Талқылау