Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да экс-полицей адам өлтіргені үшін 15 жылға сотталды

Сот бұрынғы құқық қорғау қызметкерін кісі өлтірді және өкілеттілігін асыра пайдаланды деп таныды.

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғынын атып өлтірген полицей 15 жыл және алты айға бас бостандығынан айырылды. Осы жылдың сәуірінде құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері ағасына қарумен шабуылдаған адамдарды өзі жазалауға шешім қабылдайды.

Полицей ауыл тұрғындарының бірін атып өлтіріп, екеуін жарақаттаған.  ШҚО прокуратурасының мәліметінше, экс-полицей кісі өлтірді және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деп танылды.

Айта кетейік, полицей бұған дейін тек жақсы жақтарымен көзге түскен, ал қаза болған Үлкен Нарын ауылының тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Жіберіп алмаңыз:

Астаналық наркодиспансерде өлім: Дәрігерлер мен полицейлер марқұмның отбасынан кешірім сұрады

Шымкентте ашық қалған құдыққа құлаған бала өлім аузында жатыр

Семейде жантүршігерлік жол апатынан 3 адам мерт болды

Маңғыстау облысының тұрғыны сыра сатпаған қыздың бетіне қайнап тұрған май шашып жіберген

Талқылау