Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да түн ішінде адасып жүрген керең әрі мылқау бала табылды

Семейде ер адам түн ішінде адасып жүрген керең әрі мылқау баланы тауып алды. Ер адам оны полиция бөлімшесіне алып барыпты, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz.

Бала сөйлеп, жаза алмағандықтан, полицейлерге оның есімі мен мекен жайы туралы білу қиынға соғыпты.

Қуанышқа орай, керең әрі мылқау бала жоғалып кеткен осыған ұқсас жағдай полицейлердің есіне түскен. Тиісті материалдар қаралып, мекен жайы табылғаннан кейін, баланың сол отбасының мүшесі екені анықталған.

Полиция қызметкерлері баланы үйіне жеткізді.

Ата-анасының айтуынша, балаларының дамуында қиындықтар бар. Сондықтан кейде осындай жағдайлар орын алып тұрады екен.

Оқи отырыңыз:

Астанада аса қауіпті қылмыскер түрмеден қашып кетті

Ақмола облысында оқушыны сабаған әкім тергеуге алынды

Атырауда балықшылар аулаған балықтарының бәрін зейнеткерлерге таратып берді (видео)

Қазақ неге жеті атаға дейін қыз алыспайды?

Талқылау