ШҚО-да тұрғын адамдарды шетелдегі террористерге қосылуға шақырғаны үшін сотталды
Шығыс Қазақстан облысында тұрғын терроризмді насихаттаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
14 тамызда ҰҚК материалдарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты жергілікті тұрғындардың біріне қатысты терроризмді насихаттады деген айыппен үкім шығарды.
Ол мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырған.
Сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Үкім заңды күшіне енді.
Жыл басынан бері ҰҚК жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам сотталған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"