ШҚО-да төтенше жағдай режимі енгізіледі
Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Иә, бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласының ауданында қалалық ауқымдағы ТЖ жариялайды", -деп жауап берді Талғат Уәли журналистердің сауалына.
Ол сондай-ақ Риддерде өрт толығымен ауыздықталғанын хабарлады.
"Қазір орманның жекелеген учаскелерін сөндіру жүріп жатыр. Кешке қарай мамандар барлық жұмылдырылған күштің көмегімен өртті толығымен сөндіреді", - деді министрліктің ресми өкілі.
Еске салсақ, 10 мамырда Риддердегі (Шығыс Қазақстан облысы) Лесхоз ауылының маңында өрт басталған. Өрт тұрғын үйлерге тез тарап кетті. 35 үй мен 9 қосымша ғимарат жанып кеткен.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Риддер қаласындағы жараланған тұрғындарға көмек көрсетуді тапсырды.
Талқылау