ШҚО-да тағы бір тастанды сәбидің денесі табылды
Шығыс Қазақстан облысында нәрестенің өлі денесі табылды.
Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, сұмдық жағдай Шемонаиха ауданында болған, деп хабарлайды Евразия арнасы.
Ауыл шетінде сәбидің мүрдесі жатқаны туралы суыт хабар түсісімен, полицейлер дереу оқиға орнынан аттанған. Ол жерде тиісті жұмыстар жүргізген тәртіп сақшылары, көп ұзамай өз баласын өлтірген қатыгез келіншектің кім екенін анықтаған.
Күдікті 35 жастағы әйел болып шықты. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 100-ші бабы бойынша яғни нәрестені өлтірді деген айып тағылып, соталды тергеу басталды.
Тағы да оқыңыз:
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ