Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да сәбиін арбаға салып серуендеген мас ер адам ұсталды

Алтай қаласында патрульді полиция қызметкерлері баласымен бірге серуендеп жүрген мас ер адамды байқап тоқтатты. Тәртіп сақшылары ер адаммен тілдесуге тырысқанда, ол қарсылық білдіріп, тіпті балағат сөздерін қолданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі YK.kz-ке сілтеме жасап. 

Ер адам арбадағы сәбидің әкесі болып шықты. Анықталғандай, ол отбасымен бірге қонақта болған. Алайда сонда отырып әйелі екеуі сөзге келіп қалған. Бұдан кейін ер адам баланы алып, үйіне қарай бет алған. 
Инспекторлар сәбидің анасын 15 минут ішінде тауып, оған баланы табыстады.



Нарколог дәрігердің қорытындысы бойынша, ер адам орташа деңгейде мас болған. Ол уақытша ұстау камерасына тоғытытылды. Одан бөлек Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы, 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 12 Шілде, 2022 15:41
Талқылау