Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да риэлторлар ішімдікке салынған тұрғындардың пәтерлерін иемденіп алған

Шығыс Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген риэлторлар ұсталды. Қылмыстық топтың жеке нотариусы да болған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот

ШҚО-да төрт риэлтор бірнеше пәтерді иемденіп үлгерген. Олар маскүнем тұрғындарға тиесілі болған екен. Тінту кезінде күдіктілерден құжаттар, жәбірленушілердің жеке деректері, тіпті жеке куәліктері табылды.



Келтірілген жалпы шығын 60 миллион теңгеден асты. Алайда алаяқтар барлық ақшаны жұмсап үлгермеген көрінеді, олардан ірі көлемдегі қолма-қол ақша табылды.

“Зардап шеккендерге келтірілген жалпы шығын 60 миллион теңгеден асады. Полицияға төрт күдікті жеткізілді. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша қозғалды”, – деді ШҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Руслан Нұрсапанов.

Талқылау