Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да полицейлер бәйге ұйымдастырып, той жасағандардың үстінен түсті

ШҚО полицейлері карантин талаптарын бұзып, Аягөз қаласындағы мейрамхананың бірінде той жасап жатқандардың үстінен түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Altaynews-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 тамыздағы қаулысына сәйкес үлкен той-жиындар өткізуге тыйым салынған. Сондықтан тәртіп сақшылары үйлену тойы мен басқа да отбасылық іс-шараларды ұйымдастырып жүргендерді анықтау үшін рейдке шығып жүр.

Осындай рейдтің бірінде Аягөз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қаладағы мейрамхананың бірінде той жасап жатқандардың үстінен түсті. Шақырылған қонақтар тойханаға "артқы" есіктен кіргізіліп, көліктер мейрамхананың арты мен көрші аулаға қойылған.

Осыған ұқсас жағдай Бесқарағай ауданында да тіркелді. Онда жергілікті тұрғын бәйге ұйымдастырған.

"Карантин режимін бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін барлық фактілер мен материалдар Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді", - дейді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр