Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да өзен суы қоңырланып, тұрғындарды шошытты

ШҚО-да Қалжыр өзенінің әдеттегі мөлдір суы қоңырға боялып, тұрғындарды шошытты. Өңірдегі кәсіпорындардың бірі қауіпті қалдықтарды суға төгіп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

“Экологтар сынамалар алды. Сондай-ақ Қалжыр арнасын алтын өндіруші компания бұзған. Бір жыл бұрын сот өтіп, кәсіпкерлер алты жүз мың теңге айыппұл төледі”, – делінген хабарламада.

Нақтыланғандай, кәсіпкерлер өзенді бастапқы күйіне қайтаруға міндеттелді. Экологтардың пікірінше, бұл жер жұмыстары судың ластануына әкелуі мүмкін. Бірақ оған химиялық заттар енді ме, жоқ па талдау көрсетеді.


Абай ауылындағы оқиға: Қоққан-лоққы көрсеткен әйел жазаланатын болды 


"Бұл қалқымалы заттар, уақыт өте келе олар шөгеді. Судың құрамында химиялық заттардың болуы туралы айта алмаймын, біз нәтижелерді күтуіміз керек. Қандай да бір ластаушы заттардың өсіп кету фактілерін анықтау үшін өзен бойында су сынамаларын іріктеп алдық және жақын арада нәтижелер қалай дайын болады, біз осы нәтижелерді жария етеміз", – деді ШҚО бас экологиялық инспекторы Рауан Тұраров.

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 07 Қыркүйек, 2021 21:11
Талқылау