ШҚО-да сәбиін босанып лақтырып жіберген мұғалімге қатысты жаңа деректер
Оқиға Үржар ауданының Некравоска ауылында болған.
Сәби сол жерде шетінеп кеткен. Бұл жайлы Евразия арнасының қызметкерлері Үржар аудандық білім бөліміне хабарласып, мән-жайды сұрап көрді.
Білім басқармасындағылар бұл ақпаратты растады. Оларға бұл жайлы мектеп директоры хабарлаған. Алайда білім бөліміндегілер мұғалімнің мектепте емес, жалдап тұратын пәтерде босанған деп отыр.
“Ол 2017 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін психология мамандығы бойынша бітірген маман. Үйдің иесімен бірге пәтер жалдап тұрып жатқан. Сол үйде босанған. Ол үйдің иесі қыздың босанғаны көріп, ауруханаға жеткізген. Алтысынан бастап бұл бала мектепте болмаған. Ал, оқиға 7-сі күні болған”, – дейді білім басқармасындағылар. Үржар аудандық білім бөлімінің бас маманы Құралай Қонаева.
Тағы оқыңыз:
Ақтөбеде жалғызбасты әке бұрынғы әйелін ата-ана құқығынан айырып, алимент өндіріп алмақшы
Сағадиев Шымкентте босанған 7-сынып оқушысына қатысты пікір білдірді
Астана медицина университетіндегі дау: Оқудан шығарылған студенттер не дейді