ШҚО-да медбикені зорлаған тұрғынға сот үкімі шығарылды
Шығыс Қазақстан облысының Зубаир ауылында шақырылған медбикені зорлаған азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сот үкімі шығарылған кезде медбикенің қызмет барысында болғандығы ескерілді.
"Ер азаматқа ҚР ҚК-нің 120 бабы 2 тармағы "Кісі өлтіру қаупі бар зорлық әрекеті" бойынша үкім шығарылды. Жаза тағайындалған кезде кішкентай балалары бар медбикенің қызмет барысында болғандығы және ер азаматтың ішімдікке тойып алғандығы есепке алынды", - деп мәлімдеді аудандық соттың баспасөз-қызметі.
Күдікті 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушіге 2,5 миллион теңге көлемінде материалдық шығын тағайындалды.
"Сот үкімі заңды күшіне енбеді. Егер айыпталушы тарап шағымданатын болса, үкім апелляциялық инстанцияда қаралады", - деп қосы баспасөз-қызметі.
Бұған дейін ШҚО-да науқас шақыртумен үйіне келген медбикені зорлап тастағаны айтылған еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"