Соңғы жаңалықтар

"Балтамен бөлшектейтін шығар деп ойладым": ШҚО-да науқас шақыртумен үйіне келген медбикені зорлап тастады

Шығыс Қазақстан облысының Зубаир ауылының 45 жасар тұрғыны өзіне жәрдемге келген медбикені бірнеше сағат зорлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеп. 

зорлық

30 жасар Жанардың медбике болып қызмет істеп келе жатқанына 10 жылдан асқан. Ол үш баланың анасы. Өткен жылдың қазан айында оны ауылдасы үйіне шақырған. Жанар дәрі салуға келгенде 45 жасар науқас бір стақан спирттік ішімдікті ішіп, зорлық көрсеткен. 

"Зор күшімен мені еденге құлатты. Маған тиіспеуін өтініп жылап, жалындым. Менің үстімнен тұрмай, диваннан жастық алып, тұншықтыра бастады. Әлім құрып, демім үзіліп бара жатты. Қорқыныштан не істерімді білмедім. Қазір пышақ немесе балта алып бөлшектеп тастайтын шығар деп ойладым", - дейді көрген сұмдығы туралы Жанар. 

зорлық

Ол сұмдық жағдайдан қылмыскердің назары басқа жаққа ауғанда сылып үлгерген. Қылмыскер оның артынан жүгіріп барып, 10 мың теңге ұсынып, ренжімеуді сұрған. Бұдан кейінгісі тұман сияқты бұлыңғыр.  

"Мен Жанарды әкімдік алдында көрдім. Оны шақырып едім, қаша жөнелді. Қуып жеткенім сол еді, мені құшақтап "қайда барам, не істейм" деп жылай бастады. Болған жайдың бәрін айтып берді. Оны үйіме алып келдім", - деді жергілікті тұрғын Үміт Жүсіпова.

Ауылда барлығы 60 аула бар, барлығы бір-біріне көмектесуге тырысады. Бірақ аталған оқиғадан кейін медбике жұмысына қайта шығуға қорқып қалған. Ауыл тұрғандары зорлықшыны заңмен қатаң жазалауды сұрап отыр.

Тұрғындардың айтуынша, күдіктінің ата-анасы ауылдан кетіп қалған, ал жұбайы жәбірленушіге бірнеше рет келіп, кешірім сұраған.

"Оқиғадан кейін бір апта өткен соң біз жиналып, хат жаздық. Жасы да, кәрісі де барлығы қол қойды. Оның әділ жазасын алуын талап етеміз", - деді Зубаир ауылының тұрғыны Болатхан Төкешов.

Ауыл ақсақалдары бұған дейін бұл адамды көптеген істерге қатысы бар болғанмен, кешіргендерін айтады. Зорлаудан кейін медбикеге пәтер және ақша ұсынған. Бірақ әйел бәрінен бас тартты. Барлығы сот тергеуінің сапасына алаңдауда. Мал дәрігерінің прокуратурада ықпалды туыстары бар көрінеді.

Облыстық соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья Назгүл Рахметуллинаның хабарлауынша, күдіктіге қатысты қылмыстық іс "кісі өлтіру қаупімен ұштасқан зорлау" бабы бойынша қаралуда. Сот отырысы жабық режимде жүзеге асырылады.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында бес жігіт әкесіндей адамды өлердей сабап тастаған

Қытайдағы коронавирус қашан ауыздықталатыны жайлы айтылды

Қытайлық маман коронавирус жұқтырған адам Қытайда анықталғанымен, ауру басқа елден шығуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармады

Қазақстанда дәрігердің нұсқаулығымен кез келген дәріні дәріханадан тегін алуға болады

Бұған қоса кәмелетке толмаған балалар үшін де бұл жағдай енді қол жетімді болмақ

Путин сыңарын тарту туралы ұсыныстан бас тартқанын жеткізді

Айтуынша, көптеген адамдар оның сыңары бар екен деп әлі күнге дейін ойлайды

Коронавирусқа қатысты Гонконг тұрғындарына 1300 доллар ақша табысталады

Осылайша билік халықтың қамын ойлайтындарын көрсеткілері келген

Шымкентте ломбардқа өткізілген планшеттер: Қалалық ПД ақпаратты жоққа шығарды

Планшеттердің барлығы қазір қолдануыста жүр екен

Әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаздың ісі: 29 автомат пен 28 тапанша тәркіленді

Қару үрлаған әскердің тағы бір сыбайласы ұсталды

Джеки Чан жұртты шулатқан ақпарат жайлы сөз қозғады

Әртіс өзінің аман-сау екендігін жеткізді

Бахрейнде бойжеткендерді сексуалды құлдыққа тартқандардың арасында қазақстандық азамат бар

21 бойжеткен Қазақстанға оралыпты

Елордада кәмелетке толмаған балалар қоғамдық көліктерде тегін жүреді

Жаңа заң 28 наурыздан бастап күшіне енбек
Çàãðóçêà...