Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да мас жүргізуші қағып кеткен балалардың қазіргі жағдайы белгілі болды

Шығыс Қазақстандағы Жаңа Шульба ауылының тұрғындары 5 қыркүйек күні кешке мас жүргізуші қағып кеткен балалардың жағдайы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап.  

Аулада ойнап жүрген 4 баланы мас жүргізуші қағып кеткен. Он жасар қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, тағы екеуі ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер Аринаның өмірі үшін күресті жалғастыруда.

Туыстарының айтуынша, қыз екі күннен кейін жасанды аппараттардан ажыратылған, бірақ оның жағдайы ауыр болып қалды, сондықтан ол жансақтау бөлімінде жатыр.

"Менің балам 11 жаста. Жағдайы қалыпты, тамақтана бастады. Мойыны созылған, тізесі сынған және денесінің барлық жері көгерген. Олар жансақтау бөлімінде жатқан Арина есімді қыздың ауласының жанында ойнаған. Жолда емес. Айтуларынша,  (жүргізуші) трасса бойымен келе жатып, одан шығып кеткен - үйге және балалар ойнайтын қоршауға қарай бет алған, содан кейін оларды соғып кеткен", - деді амбулаториялық емделуге шығарылған қыздардың бірінің әкесі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күдікті мас күйінде көлік жүргізген. Ол зардап шеккендермен бір көшеде тұрады, ара шаруашылығымен айналысады. Оны тергеу изоляторына қамады, 31 жастағы ер адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

STAN.KZ
Сейсенбі, 08 Қыркүйек, 2020 09:51
Талқылау