Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да тұрғын сақинасын шешу үшін құтқарушы шақырған

Шығыс Қазақстан облысында 21 жастағы келіншек саусағынан неке жүзігін шешу үшін құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото видеодан алынған

Құтқарушылардың айтуынша, тұрғынның саусағы қатты ісініп, сақинаны өз бетімен шеше алмаған.

"Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы "қысқаш" қолданып,  кәсіби түрде әшекейді шығаруға көмектесті", – делінген хабарламада. 

Құтқырушылар азаматтарға мұндай жағдайларда үрейленбеуге немесе оқыс қозғалыс жасамауға кеңес берді.

Талқылау