Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да көшкіннің астында қалып көз жұмған туристің мәйітін достары бірнеше сағат қазып алған

Көшкіннің астында қалып, көз жұмған турист таудан түсірілді. Мәліметтер бойынша, құтқарушылар жұмысын дауыл қиындатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Шығыс Қазақстандағы Риддер тауларында болған. Алты экстремалдар тобы бір күн бұрын қарда жүретін көліктермен шыңға шыққан, бірақ түстен кейін олар құтқарушыларға көмек сұрап, хабарлама жасаған. Қалың қар адамдар мен олардың техникасын басып қалған.

Құтқарушылар мен кинологтар көмекке аттанған. Желдің, қатты тұманның және қатты мұздануының салдарынан тікұшақ қалаға оралуға мәжбүр болған.

Құтқарушылар мен еріктілер төтенше жағдай орнына қарда жүретін көліктермен аттанды. Туристер мәліметінше, бес ер адам қалың қар астынан шыға алған, алайда алтыншы жолдастары бірнеше сағат бойы көміліп қалған қар астынан қазылды. 42 жастағы альпинистті тірі табамыз деп жолдастары үміттенген.

ШҚО-ның ТЖД Төтенше жағдайды алдын алу басқармасының басшысы Алексей Штыль туристер мен құтқарушылардың көмегімен қар астынан көз жұмған азамат табылғанын айтты.

"1979 жылы туған марқұмның мәйіті табылды. Бүгінгі күні Төтенше жағдайлар департаменті Риддер қаласынан тартылған еріктілер оқиға орнына шыққан болатын", - деді басқарма басшысы.

Талқылау