Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да құтқарылған ит Германияда жаңа иелерін тапты

Шығыс Қазақстанда еріктілер құтқарған лабрадор тұқымды ит Германияда жаңа иелерін тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: yk-news.kz

Итті алғашында Риддер қаласының тұрғыны көшеде кетіп бара жатып, жеке үйдің ауласынан көріп қалған. Қара түсті лабрадор тұқымды ит лайға батып, жаңбырдың астында қысқа ғана шынжырға байланып тұрған. Қала тұрғыны итке көмектесу үшін ерікті Ольга Звонцоваға хабарласып, содан соң иттің иелерімен келісіп, оны алып кеткен.

Ольга Звонцованың айтуынша, Еваны (иттің аты) иелеріне көшеден тауып алған екен. Еріктілер әлеуметтік желі арқылы иттің бастапқы иелерін табуға тырысқан, бірақ ешкім жауап бермепті.

Бұдан кейін өскемендік ерікті Арман Назаров Риддердегі әріптестерімен байланысқа шықты.

"Менің Германияда достарым бар екені есіме түсті. Олар зорлық-зомбылықтан зардап шеккен немесе нашар жағдайда өмір сүрген лабрадорларға көмектесетін қор туралы айтты. Қор өкілдері Евамен бірге бейнеролик көріп, оған отбасын табуды ұсынды", – дейді өскемендік ерікті Арман Назаров.

Еріктінің айтуынша, Германияға жету үшін лабрадор Алматыға пойызбен барған. Сол жерде оны патронаттық тәрбиеге алып, шетелге жіберу үшін тағы бір ай құжат дайындады. Осы уақыт ішінде қор лайықты отбасын тапты. Ит Мәскеуге, содан кейін тікелей Германияға кеткен.

"Қазір Ева жаңа отбасымен тұрады. Оның досы бар – жылқы, онымен жақсы араласады. Олар Еваны орманда серуендеуге апарады, жақсы тамақтанады. Ең бастысы, оны жақсы көреді", – дейді Арман Назаров.

Талқылау