Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да коронавирус жұқтырғандар жайлы не білеміз

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аймақтағы коронавирустық инфекциялар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

"Бүгінгі күні біздің облыста, атап айтқанда Семей қаласында коронавирус вирусының алғашқы екі жағдайы расталды, 1959 жылы туылған ер адам және әйел, ерлі-зайыптылар. Олар елге 2020 жылы 21 наурызда Шарм-эль-Шейх-Нұрсұлтан рейсімен келді. Египетте демалыста болған, Семейге өз көлігімен жеткен", - деп жазды әкім инстаграмдағы парақшасында.

Оның айтуынша, жұқтырғандармен бірге 5 отбасы мүшелері келген.

"2020 жылғы 28 наурызда төрт адамның COVID-19 нәтижелері теріс болып шықты. Біреуі тексерілуде. Сонымен қатар, тест тапсырған тағы бір байланысушы анықталды. Қазіргі уақытта төрт адам оқшауланған, қалған төртеуі карантиндік ауруханада дәрігерлердің бақылауында", - деп түсіндірді Даниал Ахметов.

Әкім науқастардың жағдайы тұрақты, орташа деп сендірді. Алғашқы шағымдар дене қызуы және сирек жөтел болған.

"Жедел жәрдем тобы жедел әрекет етті, алгоритмге сәйкес ауруханаға арнайы капсулалармен жеткізілді. Бұл адамдар тұратын жерлер залалсыздандырылды. Құрметті шығыс қазақстандықтар, жағдай барлық жауапты қызметтердің бақылауында", - деп түйіндеді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр