ШҚО-да Конституция күні кеңінен тойланды
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған түрлі мерекелік іс-шаралар Өскеменнің орталық алаңында салтанатты түрде атап өтілді. Мұнда таңертеңнен бастап ауқымды халықтық мерекелер ұйымдастырылды.
Еліміздің Конституция күні қала күнімен тұспа-тұс келеді, сондықтан өскемендіктер мен облыс орталығының қонақтары 30 тамызды асыға күтеді.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев өңір тұрғындарын мерекемен құттықтап, 28 жыл бұрын біздің көпұлтты еліміздің 90%-дан астам азаматтары адам және оның құқықтарын ең басты құндылық деп, Қазақстан халқын биліктің жалғыз көзі деп жариялаған Заңды қолдап, бүкілхалықтық референдумға қатысқанын еске салды.
“Ата заң Тәуелсіз Қазақстанның берік құқықтық негізі. Заң үстіндегі әділдік және жалпыға бірдей мүмкіндік арқылы ғана әділ мемлекет қалыптасып, адал азаматтар ел үшін қызмет ететін болады. Ата Заңызымыз алдағы уақытта да мемлекетіміздің саяси және экономикалық табысты дамуының айнымас кепілі болары сөзсіз. Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен іске, жаңа жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын”, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.
Алаңға жиналған қала тұрғындары кез келген талғамға сай келетін мерекелердің куәсі болды.
Таңертеңнен орталық алаңда қарбыз фестивалі, бал жәрмеңкесі, "Шығыс дәмі" гастрономиялық фестивалі өтуде, қолөнершілер өз өнімдерін саудаға шығарып, сауда-саттық қызу жүріп жатыр.
Мұның барлығы өңірдің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтіп жатқан салтанатты концертпен сүйемелденуде.
Сондай-ақ, ең ұзын "Капрезе" тағамын дайындау жоспарлануда. Жүз метрлік салат авторлары Қазақстанның рекордтар кітабына енуді көздеп отыр.
Кешке қала тұрғындарын қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама күтуде.