Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлері атқан ағайындылардың денесі дәретханадан табылды

2017 жылдың 31 наурызында ШҚО ІІД-нің тергеу басқармасы Өскемен қаласының екі тұрғынын өлтіру оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Алдын ала мәлімет бойынша олардың біреуі Астана қаласының тұрғынымен бұрын жанжалдасқан (Жоғарғы Соттың қауіпсіздік қызметінің және қаржы полициясының бұрынғы қызметкері). Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сүйене отырып Stan.kz хабарлайды.

Безымянный

Наурыздың 30-31 қараған түні С. кегін алу үшін оларды автокөлігіне отырғызып, Шешек тауына апарған. Ер адамдардың арасында жанжал туындаған. Нәтижесінде Астана қаласының тұрғыны екеуін де мылтықпен атып өлтірген. Ааса ауыр қылмыс жасағаны үшін С. қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыс жасалған жерде ШҚО ІІД ҰҚКБ қызметкері де болғаны анықталды. Қазіргі кезде ШҚО ІІД бастығының бұйрығымен ол құқық қорғау органдарынан қызметінен босатылды. Жасалған қылмыс туралы Өскемен қаласының 2 тұрғыны да білген.

Аталған тұлғалар қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін күдіктілер ретінде ұсталды. Олардың адам өлтіру қылмысына қатысы бар екендігі қазіргі кезде тексерілуде.

Қоғамдық резонансты ескеріп, объективті тергеу жүргізу мақсатында, облыс прокуратурасы ШҚО ІІД-мен бірлесіп, облыс прокуратурасының арнайы прокуроры басшылық ететін ведомствоаралық тергеу-жедел тобын құрды. Сондай-ақ, іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалды (Өскемен қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры).

Қазіргі кезде қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысын облыс прокуроры мен ШҚО ІІД-нің бастығы ерекше бақылауға алды.

Оқи отырыңыз:

Алматыда үшем туған әйел көмекке мұқтаж

Қарақалпақстанда тұратын қазақтардың тұрмыс-тіршілігі (фото)

Науқас қыз тексеру кезінде қыздығынан айырған дәрігерді сотқа берді

Жолаушысын жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлеген қостанайлық таксист сотта жауап береді

STAN.KZ
Сәрсенбі, 05 Сәуір, 2017 15:55
Талқылау