Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да қариялар бата беріп жарысты

Асыл мұра – ақ бата. Осындай атаумен Шығыс Қазақстан облысында ақсақалдар арасында бата беруден байқау өтті.

ШҚО-да қариялар бата беріп жарысты

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

«Рухни жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен мәдени шараға 43 пен 85 жас аралығындағы батагөй 22 кісі қатысты. Бұл байқау әуелі әрбір ауданда ұйымдастырылған. Ірікітеліп шыққан ақсақалдар облыстық байқауда үш кезең бойынша сынға түсті. Әрқайсысы түрлі той және тәуелсіздік мерекесі мен еркін тақырыптар бойынша бата жасады. Негізгі мақсат – батаның мағынасы мен мазмұнын жас ұрпаққа ұғындыру. Облыстық ардагерлер кеңесі болашақта енді мақал-мәтел және термешілер сайысын өткізуді жоспарлап отыр.

«Рухани жаңғыру шығыс өңірінде жалғасады. Міне наурыз айына белгіленіп отыр. Мақал-мәтелдер жөнінен әр ауданда, әр қалада дидактикалық жанр, қазақ фольклоры бойынша осындай шаралар өтеді», – дейді қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сағынбек Аханов.


Тағы оқыңыз: Бата беру: дастарханға бата

 

Талқылау