ШҚО-да қар көшкіні жолды жауып тастады (видео)
Шығыс Қазақстан облысында таудан түскен қар көшкіні жолды жауып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қар көшкіні Ұлан ауданында Өскемен – Самарское облыстық тас жолының 101-шақырымында болған.
“Жауын-шашынның мол түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 750 текше метр қар көшкіні түсті”, – делінген хабарламада.
-
Қарағанды облысында қарлы боранда жүргізушілерге жол көрсеткен құтқарушы желідегілерді тәнті етті (видео)
-
Жолда қарлы боранға тап болсаңыз не істеу керек – Дәрігер кеңес берді
Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Министрлік қазір жолдың тазартылғанын және жол жүру үшін ашық екенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ірі жол апаты болып, 18 көлік соқтығысқаны туралы жазған едік.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді