ШҚО-да бүлдіршіннің саусағы айналмалы карусельде қысылып қалған
ШҚО-да бүлдіршін саусағын айналмалы карусельде қысып, Төтенше жағдайлар департаменті қызметіне жүгінуге тура келген. Құтқарушы мамандар карусельді қоршап, қалпына келтіру мәселесімен әкімдікке жүгінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Cурет ТЖД-дан алынды
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, баланың саусағын құтқарушылар келіп, босатуға тырысқан. Келгеннен кейін ойын алаңындағы карусельдің білігі мен мойынтірегі арасында саусақтың тұрып қалғаны анықталды.
“Құтқару операциясы 15 минутқа созылды. Мойынтіректі карусель корпусының білігінен шығару үшін кездейсоқ құралдар пайдаланылды. Қолын босатқаннан кейін бала жедел жәрдемге жіберілді. Құтқарушылар сынған әткеншекті арнайы таспамен қоршап, оны қалпына келтіру жөнінде әкімдікке хабарласты”,- делінген хабарламада.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді