ШҚО-да болған дауыл үйлердің шатырын ұшырып әкетті
Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы ғимараттардың шатырын ұшырып тастаған дауылды желдің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлер түсірген кадрлардан қатты желдің шаң мен заттарды ауаға көтеріп, үйлердің шатырын жұлып әкеткені көрінеді.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қарашада тұрғындарға облыстың Ұлан және Зайсан аудандарына соққан дауыл туралы ескертілген.
Желдің екпіні секундына 30 метрге жетіп, бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті, оның ішінде тұрғын үйлер, ауылдық аурухана және мектеп-интернат бар.
Талқылау