Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да жоғалып кеткен бір жарым жасар бала әлі табылмады

ШҚО-ның Средигорный ауылында бір жарым жасар бала жоғалып кетті. Іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

сәби

Сәбиді іздеуге полиция қызметкерлері, ерікті топ, кинолог, құтқарушылар кіріскен. Бала бір күннен аса әлі табылған жоқ. Іздеуге 200 адам жұмылдырылған. 

«18 тамызда жедел-құтқару жасағы іздестіру жұмыстарын жүргізді. Березовка өзенінің төменгі және жоғары ағысын қарап шықты. Средигорный ауылынан бес шақырым қашықтықта орналасқан өзеннің төменгі ағысына қарай жылжымалы штаб құрылды», - деді департаменттің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бала тұрған үй Березовка өзеніне жақын маңда орналасқан екен. 

Айта кетсек, Әлихан есімді бала өз үйінің ауласынан жоғалып кетті. Анасының айтуынша, ол аулада 6 жасар әпкесімен ойнап жүрген. Ал анасы мен үлкен қызы асүйде отырыпты. Бірақ үйге қыз жалғыз кірген. Үлкендер Әлиханды іздеп далаға шыққанда, оны таба алмаған. 

Талқылау