ШҚО-да әйелін ұрған ер адам шақыртуға келген полицейді де соққыға жыққан
ШҚО-да әйелін ұрған ер адам шақыртуға келген полицейді де таяқпен соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Іс Зайсан аудандық сотында қаралды. Соттың мәліментінше, учаскелік инспектор тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша шақыртуға барған.
Үйге келген кезде іште бұрын сотталып шыққан 29 жастағы азамат пен әйелі болды. Ер адам тәртіп сақшысының заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткен.
"Сол кезде полицей оған бағынбаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен. Ол ескертуді тыңдамай қолына таяқ алып, полиция қызметкерінің арқасына және басына соққы жасаған", – делінген сот хабарламасында.
Сот шешімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 5-бөлігіне (билік өкілін қорқыту немесе күш көрсету) сәйкес кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Талқылау