Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да әйел дәрігердің жазуын көргеннен кейін желіде көмек сұрауға мәжбүр болды

ШҚО-да дәрігердің жазуын түсінбеген әйел желіде көмек сұрады. Ол баласының медициналық картасына дәрігердің не жазғанын түсіне алмаған.

ШҚО-да дәрігердің жазуын көрген әйел желіде көмек сұрауға мәжбүр болды

Бұл туралы Устинка LIVE басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Бүгін баламмен емханаға бардым. Тамағы ауырып, қызуы көтерілген еді. Дәрігердің дәптерге жазып бергені осы. Түсініксіз, оқи да алмадым. Мен өзге дәрігерлер жазуын түсінбей, менен қандай себеппен келгенімді қайта-қайта сұрамауы үшін, одан анық жазып беруін сұрадым. Ол рецепт жазылған тура сондай қағазды берді. Артынша дәрі алу үшін дәрханаға бардым. Фармацевтің өзі қағазда не жазылғанын менен сұрайды. Ендігі ол не жазды екен деп бас қатырып отырмыз. Мүмкін түсінетіндер бар шығар?» – дейді әйел.

Желі қолданушыларының бірі диагоз латын қарпінде жазылған деп топшылады. Ал кейбірі дәрігердің берген қағазында «гаймориттің асқынған түрі бар деп күдіктеледі» және «мұрын қуыстары мен шырышты қабығының рентгенографиясы» деп жазылғанын айтты.

Өз кезегінде ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар мұндай жағдайға жол бермес үшін, тұрғындарды дәрігерлерден нұсқаулық пен дигнозды компьютер арқылы жазып беруін сұрауға шақырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр