ШҚО-да әкім мас күйде көлік жүргізіп, жол апатына түскен
Шығыс Қазақстан облысында мас күйде көлік жүргізіп, жол апатына түскен ауылдық округ әкіміне қатысты сот шешімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Алтай ауданына қарасты ауылдық округ әкімі "Chevrolet Niva" маркалы автокөлікпен тоқтап тұрған "ВАЗ 21099" көлігіне соқтығысқан. Сараптама көрсеткендей, әкім жол апаты кезінде мас күйде болған.
Осыған байланысты іс аудандық сотта қаралды. Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады.
"Сот шешімімен әкім 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сондай-ақ ол жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Бұл шешімге апелляциялық сатыдағы сотқа шағымдануға болады", – делінген хабарламада. .
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”