AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 21 жастағы жігіт әкесінің үйінен шығып, жоғалып кетті

Бес күн бұрын Шығыс Қазақстан облысында 21 жастағы Анатолий Петрусенко жоғалып кетті. Жігіт әкесінің үйінен кетіп, содан бері туыстарымен байланысқа шықпаған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметінше, 2 мамырда Өскемен қалалық ІІБ Ертіс полиция бөліміне әйел адам 2000 жылы туған ұлы Анатолий Петрусенконы іздеуге көмек сұраған.

30 сәуір күні жас жігіт Глубокое ауданы, Каменный карьері ауылындағы "Спутник" бағбандық қоғамында тұратын әкесінің үйінен шығып, содан бері хабарсыз кетті.

"Полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалған азаматтың мекен-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ШҚО ІІД.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр