Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 14 жолаушысы бар "Газель" түнде тас жолда қалып қалған

Шығыс Қазақстан облысында түнде істен шыққан "Газельден" 14 адам құтқарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews-ке сілтеме беріп.

Бүгін түнде Шығыс қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Алматы-Өскемен тас жолында түнде аязда қалған жолаушыларға көмек берді.

"Адамдарды таситын "Газель" Аягөз қаласынан 30 шақырым жерде сынған. Жолаушылар 112 қызметінен көмек сұрады. Құтқарушылар бірден оқиға орнына шықты. Олар тек жолаушыларға ғана емес, сонымен қатар жүк көлігінде болған Камаздың екі жүргізушісіне де көмектесті", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар барлық адамдарды Аягөз қаласына жеткізіп, жергілікті спорт мектебіне орналастырды. "Газель" жүргізушімен бірге Аякөзге ілеспе көлікпен сүйретілді.

Еске сала кетейік, дәл осы күндері өңірде қатты суық болады деп болжаған болатын, ал облыстық ТЖД ерекше қажеттілігі жоқ адамдардан елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұраған.

STAN.KZ
Жексенбі, 27 Желтоқсан, 2020 16:32
Талқылау