Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 14 жастағы бала қар астында қалып мерт болды

Шығыс Қазақстан облысында ойнап жүрген балаларды қар басып қалып, салдарынан 14 жастағы бала опат болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

под снегом

Жеткіншектің өмірін қиған оқиға Шемонайха қаласында орын алған. Балалар өзен жағасында ойнап жүргенде тау етегіне үйілген қалың қар кенеттен көшіп кетіп, олардың екеуін басып қалған. Біреуін қасында жүрген достары қардан шығарып үлгеріпті. Ал екіншісін таба алмай көмек шақырған. Оқиға орнына құтқарушылар мен тұрғындар дереу жеткенімен, жеткіншекті бірден таба алмаған. Сол себепті баланы іздеструге иттің көмегіне сүйенген. Өкінішке орай, төрт метрге жуық қар астында қалған бала өлі күйінде табылыпты.

"Баланың денесін қар астынан қазып алдық. Табылған мүрдені полиция қызметкерлеріне тапсырдық. Жағалаудағы қалың қар әлі де көшуі мүмкін. Сондықтан сақ болуды ескертеміз", - деді ШҚО ТЖД бөлім бастығы Талғат Дүзбаев.

STAN.KZ
Сейсенбі, 04 Ақпан, 2020 07:50
Талқылау