Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО әкімі "темекі шеккені үшін" тізімнен шығарылған тыл ардагерін жеке құттықтады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бұрын тізімнен шығарылған тыл еңбеккері Хауа Балунбаеваны жеке құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жеңіс күні қарсаңында аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемен мен Семейдің бірнеше ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін аралады. Олардың арасында 99 жастағы Хауа Балунбаева да болды.

Еске сала кетейік, 4 мамырда ардагердің немересі Манат Нұрмұхамбетов әжесін әкімдік қызметкерлері 9 мамыр-Жеңіс күнімен құттықтауға уәде беріп, бірақ содан кейін "оны қартайған әрі темеке шекеді" деп тізімнен шығарып тастағанын мәлімдеген еді. 

Ашуланған ер адам БАҚ-қа болған жағдайдың мән-жайын айтты. Оқиға қоғамдық резонанс тудырды, Даниал Ахметов жанжалды реттеуге араласты. Ол 99 жастағы жұмысшыға жеке өзі баруға уәде берді, ал "Ардагерлер ұйымы" ҚБ басшысына сөгіс жариялады.

Айта кетейік, әкім Хауа Балунбаевадан басқа, бірнеше ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қонаққа барды. Олардың әрқайсысына гүлдер, жеміс себеттері, шайға тәттілер, тоңазытқыштар мен кір жуғыш машиналар, әскери заттар мен ақшалай сыйлықтар берілді.

Талқылау