Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО әкімі: Өрт салдарынан халықты эвакуациялау туралы мәселе туындамайды

Қыркүйек ШҚО құтқарушылары үшін "ыстық" маусым болды. Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауданда құрғақ шөп жанып жатыр, алайда тұрғындарға қауіп жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тәулік бойы және барлық күштермен ШҚО құтқарушылары құрғақ шөптің тұтануын, өрттің белең алып кетуіне жол бермеуде

Өскемен қаласының маңында өрт сөндірушілер, Ұлттық гвардияның жауынгерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері құрғақ шөптер мен бұталардың жануын сөндіруде.

Каменный карьер кентінде қазір 400-ден астам адам және 41 бірлік техника жұмыс істеуде.

Тұрақты түрде су жеткізу ұйымдастырылған, тас жолда полиция қызметкерлері патрульдеуді жүзеге асыруда. Оқиға орнында облыс әкімі Даниал Ахметов барып, қазіргі уақытта, өңір басшысының айтуынша, халыққа қауіп жоқ, кент тұрғындарын эвакуациялау мәселесі жоқ деп атап өтті.

Өртті сөндіруге 15 м/с соққан желдің жылдамдығы біраз қиындықтар тудыруда. Бірақ жағдай тұрақты бақылауда. Таңертең бұл жерге Ұлттық ұланның 200 жауынгері қосымша келіп, өртті ауыздықтауға белсенді қатысуда. Сондай-ақ, ШҚО ТЖД мәліметінше, өрттің таралуына жол бермеу үшін ауылдың айналасын үш рет жыртқан. Бұдан басқа, ТЖД қызметкерлеріне "ҮМЗ" және "Казцинк" сынды өңірдің ірі кәсіпорындарынан өрт сөндіру бөлімдері де көмекке келді.

Айта кету керек, өрт аумағы 35 гектарды құрайды. Аймақ басшысы Даниал Ахметов құрғақ шөп жанып жатқан Алтай ауданына да барды. Құтқарушылар үшін бұл маусым шын мәнінде "ыстық" болды, алайда бұл аудандағы тұрғындарға қауіп төндірмейді. Тілсіз жау алдын ала болжам бойынша 700 га құрап отыр. Өрт аумағын шолып шығу үшін Қазавиаорманқорғау мекемесінің АН-2 ұшағы жұмылдырылған.

Өртті жоюға 300-ге жуық адам мен 24 техника жұмылдырылды, тәулік бойы жедел штаб жұмыс істеуде. Өрт Күршім ауданында, Марқакөл көлінің маңында тіркелді, құтқарушылар мен орманшылықтардың өкілдері жұмыс істеуде. Олардың көмегімен өрттің таралу аумағын тежеп, жалын шарпыған аймақтан 10 шақырым жерде орналасқан Тосқайын ауылына таралуына жол бермеу мүмкін болды. Таулы жерлердегі өртті сөндіру үшін Ми-8 тікұшақтары жұмылдырылды.

Талқылау