Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шынтағымен ішін басты": Ақмола облысында әйел құрсағындағы сәбиінің шетінеп кеткеніне дәрігерді кінәлады

нәресте

Фото: Pixabay.com

Ақмола облысында әйел нәрестесінен айырылып қалғанына дәрігерді кінәлайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sinegor.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлады. 

Атбасарлық әйел келінінің баласынан айырылып қалғанын айтып, дәрігердің жауапқа тартылуын талап етті.

Қала тұрғынының айтуынша, қайғылы оқиға таңғы сағат 04:47-де болған.

"Акушер-гинеколог босанып жатқан әйелдің ішін шынтағымен басты. Нәтижесінде бала мерт болды. Содан кейін ол өліп қалған нәрестені босануға мәжбүрледі. Сағат 05:15-те келінім маған телефон шалып, босану кезінде баланың жүрегі тоқтап қалғанын айтты. Мен түні бойы дәрігердің қоңырауын күттім, бірақ ешкім хабарласпады! Дәрігер тіпті кешірім де сұрамады. Баланы тексеру үшін Көкшетауға алып кетті. Біз әділдікті талап етеміз! Неліктен олар шұғыл шараларды қолданбады? Бұл салғырттыққа кім жауап береді?” – деді әйел.


Қазақстандықтар елімізде және шетелде босанған қандай екенін салыстырды: Бала туу құны мен дәрігердің қарым-қатынасы қалай ерекшеленеді


"Кесар тілігін жасағанда баланың басын қоса тіліп жіберген": Ұлына ем іздеген алматылық әйел перзентханадағы дәрігерлерді кінәлайды


Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жүргізгенін хабарлады. Атбасар аудандық полиция бөлімінде іс тіркелген.

"Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес материал тиісті тексеру жүргізу үшін медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне жолданды", – деп мәлімдеді ПД.

Тергеу қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 14 Тамыз, 2025 16:18
Талқылау