"Шындық ашылған күнді көріп кетсем екен": Мақпал Жүнісова ел алдында жан сырын ақтарды
ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовті есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесі “Өткен күндер” әніне видеоролик жасап, марқұмның жүріп өткен жолынан сыр шертті.
“Қаншалықты ірі тұлғалы болған сайын жүрек жарасы да терең түсіп, жазылуы қиын. Жүректі әнші болған соң ба, сағынышқа толы әуендері жаныңды ауыртады, жарамыздың бетін тырнайды. Шындық ашылып, жүк жеңілдейтін күн де туар”, – деп жазды тыңдарманы.
Халық әртісі де жолдасының өлімінің құпиясын әлі күнге дейін ашылмағаны жүрекке тиетінін жасырмады.
“Сол хайуандардың атын айтып, халыққа шындығын ашатын күнді көріп кетсем екен. Өткен күн оралмайды”, – деп жазды әнші.
-
"Сантехникке жоламағанда тірі болар еді": Мақпал Жүнісова марқұм Мәдина Ералиеваны есіне алды
-
"Ішімнен тынамын": Мақпал Жүнісова өзін "кемпір" дейтіндерге ренішін жеткізді
Еске салайық, өнер иесі қызы Мерейді туған бауырынан асырап алғанын жария еткен еді.
“Шындықты айтқанымызға мен де, Мерей де өкінген жоқ. Бейшара қыз емес. Абайлап сөйлеңіз. Зәкең 18 жасқа толғанда өзім айтамын деген. Мен айтпасам, ертең сіз сияқты басқа адамдар айтып қояды. Оданда өз аузымнан естісін. Өзімнің туған бауырымның қызын бауырға бастық. Ертең күйеуге шығарда өзінің руы мен тегін білгені дұрыс”, – деп жазған еді халық әртісі.